Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарында бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдердемақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған.

Жылқы сүтімен жылқы етінің шипалы екені бұл бүкіл әлемге мәлім. Жылқы етін қанша жесең де күпті болмайсың, тез сіңеді, тез қорытылады. Қанша суық болса да, жылқы майы қатпайды. Тобарсып қана тұрады. Сол сияқты сүтін қымызын қанша ішсең де, сіңе береді. Туа сала анасынан айырылған сәбиді жылқының саумалымен асырауға болады. Демек, жылқы сүті ананың сүтімен бірдей. Қымыз жай ғана шипалы сұйық емес, ол астыңда қызметін арттырады. Қымыз ішкен адам тоқ жүреді. Ол асты да қорытады. Тамаққа тойып алып, соңынан қымыз іщсең, біраз уақыт өткеннен кейін қарныңдағы тамақтың қайда кеткенін білмей қаласыз.


«Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз»,— деді Жамбыл Жабаев. Қымыз қазақ халқының ұлтық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Әдетте сауылатын биелер сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.

  • Сақа бие — бірнеше кұлындаған, бұрыннан сауылып келген бие.
  • Қулық — құнажын немесе дөнежін жасында алғаш құлындаған бие.
  • Ал, қысырақ бие деп, өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы (былтырғы құлыны) еміп жүрген биелерді айтады. Биыл құлындамағанмен тайы еміп жүргендіктен ондай биелер сауыла береді.






Created with Mozello - the world's easiest to use website builder.

 .